Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрін жекпе-жекке шақырған Бекболат Тілеухан жуасып қалды

Білім министрін жекпе-жекке шақырып елді шулатқан Бекболат Тілеухан енді орынбасарымен жеке кабинетте кездесейік деді. Осыған дейін шенеуніктермен дауласып жүрген мәжілісмен жуасып қалған сияқты.

20161123130024

Бұл туралы  31 арна хабарлайды.

Кезекті отырыста әліппені балабақшада оқытуды көздеген Білім министрлігі басшыларымен депутат бұрынғыдай шекіспеді. Ал өзге мәжілісмендер балалалардың басты проблемасы туралы сұрамақ түгілі, отырысты тастап кетіп қалды.

Депутаттардың алдына шыққан білім министрі орынбасарының баяндамасы әдеттегідей оптимизмге толы болды. Еліміздегі 160 мың бүлдіршіннің балабақшаға бара алмай, ата-аналардың балабақшаға таласуы уақытша қиындық дейді. Кезекке сәбиі дүниеге келгеннен тұрып, уақыты келгенде баласы мектепте оқып жүретіндер алдағы екі жылда болмайды деп сендірді.

Баяндама жасаушылар осындай мәліметтерді айтып жатқанда, депутаттар тыңдамастан кетіп жатты. Ал қалғандары жиын түске дейін созылғанға қарындары ашты ма, сұрақ қоюға шамалары келмей, асықты.

Ал, білім министрін жекпе жекке шақырып, үнемі даудың ортасында жүретінБекболат Тілеухан әлдеқайда сыпайы болды. Депутат балабақшаға бара алмай қалған балалар әліппені қалай оқитынын шенеуніктен жәй ғана сұрады. Және вице-министрді жеке кабинетте кездесуге шақырды…

“Оны жеке бір кездесеміз. Ақпарат құралдары бұрып әкетеді деп тереңдегім келмейді. Жеке кабинетте кездесе жатармыз”, – деді Бекболат Тілеухан.

Осылайша, балабақша мәселесіне қатысты мәжілістегі жиын ың-шыңсыз, тыныш аяқталды. Айтпақшы, бала тәрбиесіне тек депутаттар ғана емес, ата-аналардың өздері де бас ауыртқысы келмейді екен. Білім министрлігінің мәліметінше, отбасылардың тең жартысы мектепке дейінгі білім беруден хабары жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау