Білім министрі: Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистиканы оқыту жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мен журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ дейтіндермен келісетін шығармын. Меніңше, ең бірінші кезекте өзің жазатын саланың маманы болуға тиіссің. Егер сен медицина туралы жазатын болсаң, онда дәрігер болғаның, экономиканы жазсаң экономист, банкир одан кейін журналист болғаның жақсы. Журналиске экономика туралы жазуды, ақпаратты қалай дұрыс беру керектігін үйрету экономиске қарағанда әлдеқайда қиын», – деді министр.

Министр осы мәселеге байланысты заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті. Ол бойынша алдағы уақытта 4 жыл  оқу міндетті болмайды. Студент жинаған кредит балына қарай 2,5 не 8 жыл оқиды.

“Екіншіден, егер сен экономист болсаң екінші мамандығың журналистика болатын жүйе енгізіледі. Яғни, біз бәрін ескердік, ендігі іс жоғары оқу орындарына қалып отыр. Олар пәнаралық бағдарлама құруы тиіс. Міне сол кезде саланы түсінетін, сараптама жасай алатын, жалпы саланың маманы болатын журналистер пайда бола бастайды»,- деді Ерлан Сағадиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар