Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Білім министрі үштілділік туралы: Балаларымыз, ең бірінші, өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек

Заман талабына сай, балаларымыз, ең бірінші, өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек. Жаңадан тағайындалған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осылай дейді. Ол бүгін өткен үкімет кулуарында үштілділікке қатысты пікірін білдірді.

 Күләш Шәмшидинова

Өз сөзінде Күләш Шәмшидинова бүгінде мектептердегі пәндердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Заман талабына сай, балаларымыз, ең бірінші, өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек. Себебі, қазақ тілін біз тек Қазақстанда ғана дамыта аламыз. Екіншіден, жалпы интеграциялану үшін, басқа көрші мемлекеттермен жұмыс істеу үшін бізге орыс тілі мен ағылшын тілі қажет. Міне, осы жағдайға байланысты қазір мектептерде пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқытылып жатыр», - дейді министр.

Сонымен қатар еліміздің бас ұстазы пәндерді ағылшын тілінде оқыту мәселесі қоғамды көп шулатқанын жасырмайды. Ол мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқыту біртіндеп жүзеге асырылатынын айтты.

«Әрине, елдің бәрін көп толғандырып, көп шулатқан мәселе – ол пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты министрлік қазір кадрлардың дайындығына қарай біртіндеп көшуді қарастырып отыр», - дейді Шәмшидинова.

Өз сөзінде министр келесі жылдан бастап ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер ЖОО-ны тәмамдайды. Белгілі болғандай, 2016 жылы еліміздегі ЖОО-ларда ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыс беріліпті.

«Сондықтан да балаларды ағылшын тілінде оқыту мәселесі кезең-кезеңмен, кадрлардың және мектептердің дайындығына байланысты мектептердің қалауымен біртіндеп енгізіледі. Біз қазір 15 мектеп немесе 20 мектеп енгізсін деген талап қойып отырған жоқпыз», - дейді білім және ғылым министрі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр