Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі: ҰБТ-ның барлық сұрақтары мен жауаптары сенімді қорғалған

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның барлық сұрақтары мен жауаптарының 100 пайыз қорғалғанына сендіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпарат-қа сілтеп.

Білім министрі ҰБТ-ның барлық сұрақтары мен жауаптары сенімді қорғалған

“ҰБТ сұрақтары мен жауаптары 100 пайыз қорғалған және ол мемлекеттік құпия болып табылады. Оларды тек біз ғана емес, сонымен бірге арнайы мекемелер де қорғайды. ҰБТ базасының жаппай сыртқа таралып кетуі еш уақытта болған емес және ешқашан болмайды деп үміттенеміз. Тағы бір мәселе, ҰБТ-ға дейінгі кезеңде студенттерді дайындап, өздерінің сұрақтарын жасаған компаниялар бар. Бұл енді басқа мәселе”, – деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Министр бұл білім беру компаниялары жыл сайын өздерінің сұрақтарын ҰБТ-ға қатысы бар сұрақтар ретінде жариялап отыратындарын айтты.

«Бұл дұрыс емес, оған алданудың қажеті жоқ. Бізде барлығы сенімді қорғалған, барлығына байыппен қарап, өз балаңмен айналысқан жөн. Сонда бәрі өз ретімен болады», – деді Ерлан Сағадиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау