Министрден үш кеңес: Сағадиев ҰБТ-дан сәтті өтудің құпиясымен бөлісті

Кеше, ҰБТ-ның алғашқы күнінде, 14 мың талапкер сынақтан өтті. Өз кезегінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-дан сәтті өтудің құпиясымен бөлісті.

Ерлан Сағадиев

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Биылғы жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлер саны рекорд орнатты. Тестілеудің алғашқы күнінде 14 мың талапкер сынақтан өтті. Тестілеу ережелері бұрынғыша, ал тапсырмалар 25 пайызға өзгертілген. Былтырғы жылы дау тудырған сұрақтар тапсырмалар қатарынан алынған.

Өз кезегінде Ерлан Сағадиев тестіден қалай жақсы өтуге болатынын айтты.

«Бастысы- ұйқы қандыру. Екіншіден – өзіңді тыныштандыру. Ал үшіншіден – ниеттену. Уақыттың өтіп жатқанын біліп, қорықпау керек. Сұрақтар онша көп емес, ал берілген уақыт, керісінше, көп. Әдетте адамдар қобалжығандықтан нашар тапсырады», – дейді білім министрі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар