Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім гранттарын бөлгенде «Алтын белгі» иегерлеріне қандай басымдық беріледі

Оқу грантын алуда «Алтын белгі» иегері тек бір ғана басымдыққа ие болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтаа кетейік, өткен жылдары «Алтын белгі» иегерлеріне грант тағайындалғанда толық басымдылыққа ие болатын.

«2017 жылдан бері ҰБТ-ның жаңа форматын енгіздік. Осыған сәйкес, аттестатты алу мектеп қабырғасында өтеді, сонымен қатар «Алтын белгіні» де мектеп өзі береді. Яғни, бұл шаралар мектепте тапсырылған емтиханға байланысты. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу бүгінде жаңа функцияға ие. ҰБТ тек қана жоғары оқу орнына түсу үшін жүзеге асырылады. Түлек ЖОО-ға ҰБТ-ны тапсырғанда оның «Алтын белгісі» қолында болады. Енді биылғы ұсыныс аясында «Алтын белгі» иегерлері балл ұпайлары тең болған жағдайда ғана басымдық беріледі», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда екі түлек бір мамандыққа бірдей ұпаймен барса, ол кезде грант бойынша басымдық «Алтын белгі» иегеріне беріледі.

Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұған дейін бұл ұсыныс мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан пысықталды.

Тағы оқыңыз:

Тоңазытқыштан өлі табылған егіздердің ағасы Өзбекстанға жіберілді

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Алматыда үш әйелді қатігездікпен өлтіріп, біреудің мүлкін өртеген қылмыскердің ісі сотта қаралуда

Бұл не масқара: ШҚО әкімі өңірді суға кетірген басшыларға шүйлікті 

 

Талқылау