Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билікті күшпен басып алу күдігімен бірнеше әскери лауазымдағы шенеунік ұсталды

Қазақстан билігін басып алуға әрекеттенді деген күдікпен  әскери лауазымдағы бірнеше шенеунік ұсталды, деп хабарлайды ҚР  ҰҚК баспасөз хатшысы  Руслан Қарасаев.

арест

«Өткен демалыста Астана, Алматы және Шымкенттегі ҰҚК қызметкерлері Төлешевтің бірқатар сыбайласын қолға түсірді. Олардың ішінде ҚР бүрынғы бас прокурордың бірінші орынбасары бар. Бұрынғы конституциялық кеңес мүшесі, екінші деңгейлі  мемлекеттік әділет кеңесшісі Ильяс Бақтыбаев, ОҚО бойынша ІІД бұрынғы бастығы  генерал-майор Хибратулла Досқалиев бар»,-деді  Қарасаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша  бұрынғы ОҚО бойынша ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полоковнигі  Сәкен Айтбековте ұсталған. ҚР қорғаныс министрлігі  аймақтық бұйрық «Юг» 35748 және 55652 әскери бөлімінің командирлері полковник  Бекзат Жұмин мен полковник Қайрат Пернебаев та ұсталған.

«Олар ұсталып, уақытша тергеу абақтысына жабылды»,-деп аяқтады өз сөзін ҚР ҰҚК өкілі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай аймақта танымал кәсіпкер «Шымкентсырасы» зауытының қожайыны Тоқтар Төлешов қамауға алынған еді.

 

 

Талқылау