Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билікте бас айналдырарлық жетістіктерге жеткен қазақстандық сұлулар

Еліміздің түрлі саласының тізгінін ұстаған қыз-келіншектер тек ақылымен, біліктілігімен ғана емес, сымбатты түр-әлпетімен де көзге түсіп жатады. Stan.kz билікке етене араласып, түрлі ведомстволарды басқарып отырған аруларды назарларыңызға ұсынады.

Гаухар Бисарина

1. Гаухар Бисарина – Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы

Гаухар Бисарина 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы облысының Көксу аудандық ауруханасында дәрігер эпидемиолог ретінде бастаған. Денсаулық сақтау жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс істейді. Түрлі жылдары Алматы облыстық мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында, Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінде және соңғы 5 жылда Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс атқарған.

Жұлдыз Омарбекова

2. Жұлдыз Омарбекова – Қоғамдық даму вице-министрі

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген. 2002-2009 жылдары “Хабар” арнасында тележүргізуші қызметін атқарды. 2004-2008 жылдары өзі түлеп шыққан Қазақ ұлттық университетінің Социология кафедрасында оқытушы болды.

2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы, 2014–2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Жұлдыз сондай-ақ “Қазақстан аруы-1999” сұлулық байқауының қатысушысы. Тұрмыста, екі баласы бар.

 

Малика Бектұрова

3. Бектурова Малика – Астана қаласы әкімінің орынбасары

Еңбек жолын 2002 жылы Қаржы министірлігінің жетекші маманы болып бастады. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент директоры болып істеген.

Қала басшысының өкімімен 2016 жылы Бектұрова Малика Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Малика Бектұрова Кентукки университетін (АҚШ), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі.

Тұрмыста, үш баласы бар. Басты байлығым отбасы деп біледі. Демалғанда қол өнерімен айналысқанды жақсы көреді екен.

Айта кетерлігі, Малика – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинның қарындасы.

4. Дана Жүнісова – Экономика экс-вице-министрі, Қазақстан индустрия дамыту институтының директоры.

33 жаста. Экономика министрлігінде небары 4 айға жетер-жетпес уақыт қызмет етіп, қыркүйек айынды қызметтен шеттетілді.

Әсел Жиенбаева

5. Әсел Жиенбаева – Қазақстанда ұлттық “Зерде” холдингінің басшысы 

Әсел Жиенбаева 1987 жылғы 8 шілдеде дүниеге келген. Осыған дейін “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі” РММ Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, “Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы” РМК директорының кеңесшісі, Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі жөніндегі департамент директоры лауазымдарын атқарған.

Әр жылдары Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясы Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқармасының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, ақпараттық технологиялар жобалары жөніндегі менеджер лауазымдарын атқарды. 2014 жылы Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында магистр дәрежесін алған.

2014 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ “Executive Management” бағдарламасы бойынша бітірген. 2010 жылы ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында бакалавр дәрежесіне ие болған. 2005 жылы О.А. Жәутіков атындағы РМФМОМИ “Алтын белгі” төсбелгісімен аяқтаған.

Айта кетсек, көп адам Әселдің бір мезгілде қалай Кембридж университетінің магистрі атанып, Ломоносов атындағы МГУ-ды бітіргеніне күмән келтірді. Дегенмен Әселдің Жәутіков атындағы физика-математика мектебін “Алтын белгімен” бітіргені белгілі.

6. Мәдинә Жүнісбекова – ҚР ұлттық экономика вице-министрі

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон – Ассас университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

2010 – 2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2012 – 2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.

2014 жылы — премьер-министрдің кеңесшісі.

2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін премьер-министр кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Талқылау