Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билікке барғым келмеді: Шенеуніктің ұлы жұмыртқа сатып кәсіпкерге айналғанын айтты

Биліктен әркімнің-ақ бар таласы. Тіпті, лауазымды тұлға балаларының да. Соңғы кезде бізде, әсіресе, осы тенденция қатты байқалады. 

Билікке барғым келмеді: Владимир Божконың ұлы жұмыртқа сатып кәсіпкерге айналғанын айтты

Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді мына қызықты қараңыз. Елдегі сараптамалық ұйымдардың бірі зерттеу жүргізіпті. Сөйтсе, қазақ жастарының бар-жоғы 17 пайызы ғана саясатқа қызығушылық танытады екен. Қалғанының онда шаруасы шамалы. Мамандар мұны әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланыстырады.

"Ең басты кемшілік біз қоғамымызда осы уақытқа дейін орта тапты қалыптастырған жоқпыз! Мысалы, біз болған Оңтүстік Корея, Батыс Еуропа, Ақш елдерінде орта таптың пайыздық өлшемі 70-80 пайызды құрайды. Ал, экономиканың, әлеуметтің негізін құрайтын солар. Бізде керісінше, жағдайы төмен топтар артып бара жатыр, 50 пайыздан көп!", - деді заңгер Руслан Түсіпбеков. 

Сонда манағы біз айтқан ат төбеліндей топтың бағына не немесе кім себеп? 

Максим шенеуніктің ұлы болса да шаруасы шаруашылықта! Біз қазір парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко туралы айтып тұрмыз! 

- Сіздің тегіңіздің сізге қандай да бір көмегі болды ма? Нені меңзеп тұрғанымды түсініп тұрсыз ғой? 

-Әрине! Ия. Бір жағынан ол алдыңда жаңа мүмкіндіктердің ашылуына көмектеседі. Бірақ, басқа тұсы бар. Жауапкершілікті сезінесің. Достарың, басқа адамдар, тіпті шенеуніктерге дейін ең әуелі Божконың ұлы ретінде қарайды. Бір жағынан сол үшін мемлекеттік қызмет саласына бармадым! Шаруашылықты таңдадым! 

Жұмыртқа королі атанған оның қазір Астана іргесімен қатар біраз өңірде жеке фабрикалары бар! Жылына 30 млн жұмыртқа шығарып, ішкі нарықты қамтып отыр.

-Қазір жасыңыз нешеде?

-37 жастамын.  

-Сізде бақандай бір зауыт бар. Бұған қалай жеттіңіз?

-Шашымның ағарғанынан-ақ көріп тұрған шығарсыздар, жұмыс істедім, - дейді Максим Божко.

Ол мұндай жетістікке жеткеніне үздіксіз еңбекпен қатар, өзінің тегі де көмектескенін жоққа шығармайды. Десе де, әкенің дүниесі балаға мұра болмайды деген қағиданы қатаң ұстанады. Өйткені биікке шығу бар да, онда тұрақтап қалу тағы бар емес пе? Ал, бұл жағы енді тек адамның өзіне байланысты.

Талқылау