Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билік өкіліне бағынбаған әйелге 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ хабарлауынша: “Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып, билік өкіліне күш көрсеткен 38 жасар азаматша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылды және аталған азаматшаға 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды”, деп хабарлайды Stan.kz. 

скачанные файлы

Ағымдағы жылғы 9 қазан күні Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Іщкі істер желілік басқармасына Көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты жолаушылар пойызына ілесіп жүру батальонының қызметкерінен хабарлама келіп түскен болатын. Хабарламада «Қостанай-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде жолаушы азаматша заңға бағынбай қызметтік міндетін орындап жүрген полицейлерді балағаттап, оған қарсы күш көрсеткені туралы баяндалған. Жолаушы азаматша 38 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған факт Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша (Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру) тіркелді.

 

Талқылау