Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билік қан құюға қарсы болған әйелдің қызын тартып алмақшы болған

Билік діни сеніміне байланысты ауыр халде жатқан қызына қан құюға қарсы болған әйелден қызды тартып алмақшы болған.

12242085

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен ауруханаға түскен қызға дәрігерлер қан құюға мәжбүр болған. Алайда “Иегова куәгерлері” діни ұйымына мүше анасы бұл әрекетке түбегейлі қарсы шыққан. Тек әкесі жазбаша рұқсат бергеннен соң ғана, қан құйылып қыздың жағдайы тұрақталған. Бұл жағдай ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитетінің тікелей қадағалауында болыпты.

20023714516_840d336f68_b

“Анасы қан ауыстыруға түбегейлі қарсы болды. Кейінірек біз анасының күйеуімен ажырасып кеткенін анықтадық. Сосын қыздың әкесін комитет тауып алып, ол өз рұқсатын берді. Бұл қыздың өміріне үлкен қауіп төндіргендіктен, біз баланы анасынан меншіктеп алып алмақшы да болғанбыз. Бірақ, дәрігерлер кейін жағдайды реттей алды”, – дейді комитет төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрім.

“Бала өміріне қауіп төніп тұрған кезде оған ем көрсетуге қарсылық білдіру – менің 15 жылдық тәжірибемде алғаш рет кезігіп отырған жағдай”, – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Астанада дінінен жерінген келіншек хәл үстінде жатқан қызына қан құйғызбай шу шығарғанын жариялаған болатынбыз.

Талқылау