Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Билетті тегін таратты: Ержан Максим балалар үйінің тәрбиеленушілерін концертіне шақырды

Ержан Максим балалар үйінің  тәрбиеленушілеріне концертіне тегін билеттер таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайлы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. Балалар үйінің  тәрбиеленушілерімен кездескен Ержан Максим тегін билеттер таратып, балаларды қуантып тастаған. Осылайша жас әнші алғашқы шығармашылық кешіне дайындықты бастап кетті.

"Астанада «Голос. Дети» вокалдық конкурстың алтыншы маусымының жеңімпазы Ержан Максимнің балалар үйі және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесуін ұйымдастырдық. Ержан балаларға 28 маусымда астана күні құрметіне біздің Министрлік өткізетін бірінші жеке концертіне билеттерді сыйға тартты", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрі Ержан Максим мен анасына алғысын жеткізіп, "Голос. Дети" байқауына қатысқан балалардың достығы жайлы айтуды да ұмытпаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы жас әншінің концерті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де ұнайтынына сенімді екенін жасырмады. 

"Ержанның «Голос. Дети» шоуындағы жеңісі туралы сұрақтар көп болды. Жобаға қатысып, финалға шыққан балалар достасып, қазір де қарым-қатынастарын үзген жоқ. Барлық балаларға арналған жылы тілек-лебіздері үшін Ержан мен анасы Гүлмира Әлібекке алғыс айтамын. Шынымен де, армандау және мақсатқа ұмтылу өте маңызды, достарым. Ержанның концерті балаларға ұнайтынына және естерінде қалатынына сенімдімін", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр