Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билет ұтып алған қазақстандық қыз ІІ Елизавета патшайымның тойына бармайтын болды

Лондонда оқып жатқан ақтөбелік Әйгерім Исмағұлова Елизавета ІІ патшайымның 90 жасқа  толған мерейтойына бармайтынын айтты.

12084140

Сурет: РИА Новости

Ол Елизавета ІІ патшайымның тойына билет ұтып алып, тез арада желіде жұлдызға айналған еді.

Алайда ,бұл қуаныш көпке созылмай, ол өзінің әлеуметтік парақшасында тойға бармайтынын мәлімдеді.

«Барлық журналистерге, газет тілшілері мен сары басылымдар назарына! Мен Виндзор қаласына бармаймын. Мен күнделікті соғылып жатқан қоңыраулар мен хабарламалардан, мен туралы жазылып жатқан жаңалықтардан, менің рқұсатымыз суретімді жариялайтындардан мезі болдым. Мен туралы жағымсыз пікір жазатындардан да шаршадым. Менің шешіме дұрыс қарауларыңызды сұраймын», – деп жазады ол желідегі парақшасында.

Әйгерім бұл әрекетін өзінің мезі болғандығымен түсіндірді. Алайда, оның мерейтойға бармауының тағы бір себебі бар секілді.

Баспасөзде салтанатты кештің қалай өтетіні толық жазылған. Мерейтойға қатысу билет құны 55-тен 200 фунт стерлинг арасында.

Мерейтойда атақты әртістер өнер көрсетіп, ит және ат жарыстары өтеді. Ал, көпшілік Әйгерімнің мұндай мерейтойдан бас тартуын түсінбеуі мүмкін. Елизавета патшайым билетке ақшасы жетпейтіндер үшін арнайы ойын ойнатып, тегін билет беру мәселесін жолға қойған. Алайда, бұл билетті ұтқандар тек қызыл кілем үстіндегі шақырылған танымал адамдарды көре алады екен. Және қалағандар Виндзорағы үлкен экраннан қорытынды концертті тамашалай алады.

Сондықтан болса керек, Әйгерім мұндай мүмкіндікті пайдаланбайтынын айтып, қызыл кілем үстінде танымал адамдарды тамашалаудан бас тартты.

Талқылау