Билеп тұрған павлодарлық бірінші сынып оқушысы желіде жұлдыз болды (видео)

Павлодар қаласындағы алғашқы қоңырау шарасында бірінші сынып оқушысының әсерлі билеп тұрған видеосы желіде тарап кетті.

Бұл ролик 16 павлодардық лицейде Білім күніне арналған шарада түсірілген.

Қатарға тізіліп тұрған оқушылардың алдында би тобы өнер көрсеткен. Бірақ қатарда тұрған балақайлардың бірі әсерлі әуенді естіген соң өзін ұстай алмай би тобын өзінің керемет биімен қолдай түседі. Ең қызығы ол баланың қасындағы басқа оқушылар көңілді музыкаға қарамастан орындарында қозғалыссыз тұрды.

https://www.instagram.com/p/BnLVfk6Ae0o/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

«Типичный Павлодар» парақшасында жүктелген бұл видеоға желі қолданушылары жағымды пікірлер қалдырып, сонымен қатар билеп тұрған бала мектептегі қиыншылықтарды әлі көрмеген, сондықтан әзірге көңілді деп әзілдеп жатыр.

«Бала өте позитивті. Супер, жарайсың. Билеп тұрған қыздар да жақсы», – деген жазу қалдырған желі қолданушылары. Басқасы «Кімнің мектепті сағынғаны көрініп тұр» деп әзілдеген екен.

Бұл видео қазіргі таңда 75 мыңға жуық қаралым жинаған, тіпті билеген баланы болашақта эстрада жұлдыздар қатарынан көруіміз мүмкін деп айтып жатқандар бар. Тағы да оның кандидатурасын Андрей Малахтовтың бағдаламасының басты кейіпкері ретінде ұсынып жатқандары бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар