Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Жетісуда 600 жағдайы нашар және көпбалалы отбасы үймен қамтылады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен облыстық маслихаттың кезекті XXXXVII сессиясында 600 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Отырыста облыстық маслихаттың 2018 жылы 13 желтоқсанындағы № 38-211 «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзеріс енгізу мәселесі қаралды. Сондай-ақ, 2018 жылғы облыс бюджетінің игерілуі туралы есептер тыңдалды. Облыс комиссиясының құрамы бекітіліп, облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясы төрағасы сайланды. 

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау бсқармасының басшысы Жомарт Әмірханов облыс бюджетіне өзгерістер енгізу туралы жобаны таныстырды. Жобада мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, жарықтандыру, баспана салу, инженерлік-коммуникациялық инрафқұрылымды дамыту, газдандыру, облыстық маңызы бар жолдарға орташа және күрделі жөндеу жүргізуге, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ерекше назар аударылып отыр. 

Қаралған және енгізілген өзгерістерді есептегенде облыс бюджеті 514,6 млрд теңгені құрап отыр. 

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаев 2018 жылғы аймақ бюджетінің орындалуы туралы жылдық есеп берді. Отырыс соңында ол көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесу туралы айтты. 

«Nur Otan партиясының XVIII съезінде қабылданған жаңа бағдарлама негізінде көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында облыс бюджетін қайта қарадық.  Республикалық бюджеттен қосымша мақсатты трансферттер бөлінді. Соған байланысты баспана санын көбейтіп отырмыз. Көпбалалы отбасылардың санына қарай облыс орталығында құрылысты бастаймыз. Биыл 600 аз қамтылған және көпбалалы отбасыны баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.  Жыл басынан бері меценаттардың көмегімен 60 отбасыны баспанамен қамтыдық. Атқарушы орган тарапынан жүйелі жұмыстарды жүргізе отырып баспана мәселесін шешуіге тиіспіз. Аудан мен қалалардың әкімдері осы бағытта жұмыс істеуі қажет екенін естен шығармауы тиіс», - деді Әлімбаев.

Талқылау