Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биіктіктен түсірілген қазақ даласындағы пойыз жолдар әлемді таң қалдырды

Құс ұшар биіктіктен қазақ даласында жүйткіген пойыз суреті барлық әлеуметтік желілерге блог-платформаларға тез тарап кетті, – деп хабарлайды Stan.kz.

Желі қолданушылардың бәрі дерлік бұл суреттермен бөліскен. Алайда, кейбіреулер бұл суреттің шынында жоғарыдан түсірілген кәдімгі фото екеніне сенбеуде. Тіпті бұл суреттегі бейне партаның бетіне қаламмен сызылған “пойыз” дегендер де табылды.

Шындығында, бұл суреттерді ресейлік фотограф Слава Степан Қазақстанның даласында үлкен биіктіктен түсірген еді. Сөйтіп ол осы және Астананың бірнеше суреттерін өзінің жеке сайтында жариялаған болатын.

Ол аталған суреттерді откен жылдың 16 қаңтарында түсірген екен. Сол күні бұл суреттерді Livejournal блог-платформасында және Pinterest фотохостингінде “Күннің үздік суреті” деп таныған.

poezd_v_kaz1

Талқылау