Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Төлегенова Қыдырәлі мен Қарақаттың қызына батасын берді

Бибігүл Төлегенова Қыдырәлі мен Қарақаттың қызына батасын берді. Желіде халық әртісімен бірге түскен суретін жариялаған Қарақат Әбілдина осылай деп мақтанды, деп жазады Stan.kz.

Бибігүл Төлегенова Қыдырәлі мен Қарақаттың қызына батасын берді

Әнші Қарақат Әбілдина Instagram желісіндегі парақшасында қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегеновамен бірге түскен суретін жариялады.

«Өнердегі анамыз, Бибігүл апамызды көріп қуанып қалдым. Қызыма батасын жаудырып жатыр. Алла разы болсын! Асыл анамыз 100 жасасын!» – деп жазды әнші.

Өз кезегінде желі қолдауншылары «Аялаға Бибігүл Төлегенова апамыздың жасын берсін» деп тілесіп жатты.

«Бибігүл Төлегенова апамыздың жасын берсін сəбиге. Берген батасы қабыл болсын», «Өте керемет әнші. Жүзіне бір қарасаң жылу береді. Тілегі қабыл болсын», «Сүйегі асыл тұлға ғой. Жасын берсін», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)

Актриса Айнұр Ілиясова отбасылық міндетіне уақыт таба алмай жүр

Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды

Ажырасқаны үшін: Алтынай Жорабаева қыз ұзату мен тұсау кесуден бас тартып жүр

Талқылау