Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Төлегенова Димашқа сәттілік тілеп батасын берді (видео)

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова әлемдік жұлдызға айналған Димаш Құдайбергеновке ертеңгі финалдық сында сәттілік тіледі.

5658669decf871448634013

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

“Құрметті Димаш, біз – сенің жанкүйерің, сенің фанатыңбыз. Сенен үлкен жеңіс күтеміз. Мен сағат “Славян базарына” барар кезде бата берген адам ретінде осы жолы да үлкен жеңіс тілеймін. Бүгінде сен үшін тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Қытай халық республикасы, бүкіл әлем жанкүйерлік етеді. Ал біз сенің ең басты жанкүйеріңбіз, өйткені біз сенің жерлесіңбіз. Елге үлкен марапатпен оралғаныңды қалаймыз. Ең бастысы денің сау болып, жұлдызың әрқашан биікте жарқырай берсін. Саған бақыт пен ұзақ өмір тілеймін”, – деді Бибігүл Төлегенова.

Еске салсақ, Димаш Адриано Челентаноның “Confessa” композициясы мен Дива Плавалуганың ариясын орындап финалға өткен болатын. Ал ертең, 15 сәуір күні болатын финалда Майкл Джексонның репертуарындағы әнді орындайды.

Бұған дейін анасының Димашты қолдау үшін Қытайға аттанып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)

Ернар Айдар есін жиды

Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)

Елімізде “Ninety one” тобының қыздарша нұсқасы пайда болды

Талқылау