Бибігүл Дәулетбек: Пугачёваның өзі Роза Қуанышқызының алдында иіліп отыратыны өтірік емес

Таяуда өзінің сұхбаттарының бірінде Мейрамбек Бесбаевты сынаған Роза Рымбаева көпшіліктің қызу талқысына түсуде. Халық әртісін сын сөзі үшін жерден алып, жерге салып жатқандар да баршылық. Өз кезегінде белгілі журналист, тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы Қуанышқызына араша түсіп, жақтап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бибігүл Дәулетбек: Пугачёваның өзі Роза Қуанышқызының алдында иіліп отыратыны өтірік емес

Өз сөзінде журналист әлемді даусымен тамсандырып, бағындырған қазақ әншілері аз екенін атап өтті. Солардың бірі Роза Рымбаева еді, дейді ол.

«Тарихта ХХ ғасырда, қылышынан қан тамып тұрған Кеңес кезінде, Кремльді ғана емес, әлемді дауысымен бағындырған кім еді? Саусақпен санарлықтай Қазақ әншілері болды. Солардың бірі – Роза Қуанышқызы Рымбаева емес пе еді?! Оу, ағайындар! Роза Қуанышқызын жерден алып, қара жерге салатын дәрежеге алдымен жетіп па едіңіздер? Айтса, ақиқатын айтып жатыр. Шындықты есту – қашанда ауыр.

Ресейдің примадоннасы Алла Пугачёва болса, Қазақтың Примадоннасы атанған, «Әлия» әнімен 15 республиканы ғана емес, дүниежүзін жылатқан біздің Розамыз емес пе еді? Неге дәл қазір түңіліп кеттіңіздер? Сол Пугачёваның өзі Роза Қуанышқызының алдында иіліп отыратыны өтірік емес. Талай рет Ресей арналарынан көріп отырмыз. Кремльдегілер осы күнге дейін Роза Рымбаева десе, Кеңес дәуіріндегі 15 республика – қазақтың әншісі келе жатқанында, қақ айрылып жол беретінін сіздер білесіздер ме? Олар «Розочка наша» деп тамсанып отырады. Әзірбайжанға, Питерге барғанымда «Біздің Розамыз» дейді», – деп жазды Дәулетбекқызы Instagram желісінде.

Сондай-ақ, Бибігүл Дәулетбекқызы көпшіліктен халық әртісін қаралауды тоқтатуды сұрады.

«Роза апамыз – дара әнші. Тарихта қалатын нағыз әнші. Ал оның сын айтуға қақысы бар. Сондықтан да, көп сөзді доғарайық!

Димашты да біздікілер мойындамаған еді, әне, ол бұлбұл ханзадамыз да Кремльді мойындатқызып, миллиардтарды жылатқызып, Еуропаны тамсандырып, Американы бағындыруда. Егер Димашымыз Қытайдың байқауына қатыспағанда, кім біледі, біздің далбаса шоу-бизнестегі ағайынды әпкелердің кесірінен сахнаның сыртында қалып қояр ма еді…

Қазақ елі мойындай алмайды екен нағыз әншілерді. Кейде соған налимын. Күшті болса мырқымбайлар, алдымен сахнада жанды дауыспен ән айтсыншы! Содан кейін барып сөйлесін!» – дейді тележүргізуші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар