Бибігүл Дәулетбек Ескендір Сүлейменовтің өліміне кінәлі қызды абақтыға жаппауды сұрады

Күні кеше Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты сот отырысы өткен еді. Марқұмның өліміне кінәлі деп танылған Малика Мұхитованың кінәсі дәлелденіп, прокурор оны 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Ескендірдің жақындары прокурордың сөзімен келісетіндерін айтты. Малика Мұхитова сот залында жылап, кешірім сұрағанымен, айыптаушы тарап райынан қайтпайды.

Бибігүл Дәулетбек Ескендір Сүлейменовтің өліміне кінәлі қызды абақтыға жаппауды сұрады

Бұл орайда журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бойжеткенге кешірім беру керектігін айтуда, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Мен бұл қыздың сотталғанын қаламаймын! Қазақ жастарының темір тордың артында отыруына қарсымын! Қит етсе болды соттауды соңғы кездері әдетке айналдырдық.

Өзім де авто жүргізушімін. Бір Алла кешірсін, видеода барлығы ап-анық көрініп тұр. Мотоцикл жүргізушісі жоғары жылдамдықпен көлікке келіп соққаны. Малика қыздың еш кінәсі жоқ. Олжас Сүлейменов атамыз да қатты кетіп бара жатқан секілді. “Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш” демекші, бұл жас қызды соттатып темір тордың артына отырғызғанда немересі қайта келмейді. Жатқан жері жайлы болсын марқұмның. Кешірім қағазын берсе, Олжас атамыз үлкен көрегендік жасайды. Әдейі істемеді ғой. Ешкім мәңгілік емес. Ешкім алдындағы күнді болжай алмайды. Бұндай қайғыны дұшпанымның дұшпанына да тілемеймін.

Бар жазығы полковниктің қызы болғанында ма? Кімнің қызы болса да маған бәрібір, мен ақиқат жақтамын. Шырқыратпайық қазағымның қаракөзін. Оған да оңай емес. Сол қанды оқиға мәңгілік серігі болып жүреді. Сол да аз емес. Қинамайық. Босатсын! Тұрмысқа шықпаған, ана бақыты атанбаған бойжеткеннің сүйегіне таңба басылғанын қаламаймын! Менің бұл сөзімді автожүргізушілердің барлығы қолдайды деген сенімдімін”, – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Журналист қыздың жылағанына қарамай, кешірім бермегендер туралы естігенде қатты ренжігенін айтады. Айтуынша, бұл оқиға – барлық құқық қорғау орындарының қызметкерлеріне сабақ болуы тиіс.
“Ешкімді жазықсыз жазаламаған абзал. Сенің басыңа келмесе де, балаларыңның өмірі шытынауы бек мүмкін. Олжас ағамыз бітімге келеді деген сенімдемін!” – дейді ол.

Еске сала кетейік, күні кеше Малика Мұхитованың 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған едік.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар