Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Тұсаукесерге жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

Елімізге белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы құрбысының басынан өткен оқиғаны негіз етіп алып, альфонс жігіттер туралы кітап жазды. Күні кеше автор Алматының символы саналатын “Қазақстан” қонақ үйінде кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл кешке қоғам қайраткері Амалбек Тшановтан бастап, ақын Жанарбек Әшімжан, сондай-ақ, журналистің қарапайым 700-ден аса оқырманы қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Кешке жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

“Альфонс жігіттің тағдыры”… Бибігүл Дәулетбекқызының проза әлеміндегі тырнақалды туындысы дәл осылай аталады. Автор аталған туындыға өмірде болған оқиғаларды негіз етіп алған. Алғашқысы – 2011 жылы “арамтамақ” жігітке алданып қалған өз құрбысының хикаясы.

Сөзіне қарағанда, альфонс жігітке “жемтік” болған құрбысы кеше ғана ауылдан келген аңқау да, ақылсыз да қыз емес. – Шетелде оқыған, көзі ашық, қаланың қызы, – деп сипаттайды өзі. Сол қыз ақырында бір жігітке алданып, жарты жылдың ішінде пәтері мен көлігінен айырылып, жүкті болып қалған.

Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Кешке жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

Бибігүл Дәулетбек 2018 жылы құрбысының өмірін қайталаған тағы бір келіншекке кезіккен. Ақырында “арамтамақ” жігітке алданып жүрген қыз-келіншектердің көптігіне көз жеткізіп, кітап жазуға бел буған.

“Мен Instagram-да тікелей эфир арқылы көрсеттім. Сол кезде әйелдер сұрай бастады. Қалай есі бар әйелдер альфонсқа алданып қалады? – дейді. Альфонстар әйелді гипноздап алады, олар оны түсінбейді. Бір күні отырып, неге мен құрбымның өмірін жазбаймын деп ойладым. Қаншама қазақтың қыздары мен келіншектері ауыздары ашылып, өздерінің маңдай терімен тапқан ақшасын бір болмайтын жатыпішер біреудің қолдарына береді. Неге мен көзін ашпаймын деп Instagram-да әңгіме ретінде жаза бастадым”, – деп еске алады журналист.

Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Кешке жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

Алайда 12-бөлімге келгенде автор альфонс жігіт туралы әңгімесін тоқтатқан. Себебі ауыл-аймақтарда әңгіменің өтімділігін түсінген әлдебір алаяқтар оны сатып, ақша таба бастаған. Бұдан кейін Бибігүл бұл жазбасын кітап етіп шығаруды ойға алып, сол жоспарын араға бір жыл салып жүзеге асырып отыр.

“Альфонс жігіттің тағдыры” кітабы 5000 данамен жарыққа шықты. Автордың сөзіне сенсек, күні кеше тұсаукесер рәсімінде оның мың данасы сатылып үлгерген. Алдағы уақытта кітап өз шығынын ақтаса, Дәулетбекқызы осы оқиғаның желісімен фильм түсіруді де жоспарлап отыр.

Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Кешке жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

Айта кетейік, аталған кешке Бибігүл Дәулетбекқызының жақсылығын ұмытпаған жандар да жиналды. Олардың арасында қаңтар айында газ балонының кесірінен үш бірдей ұлынан айырылған қызылордалық келіншек, жақында ғана үйлі болған көпбалалы алматылық отбасы да бар.

Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Кешке жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

Сондай-ақ, Гауһар Әлімбекованың басына іс түскенде 7 күндік табысын әншінің шотына аударған мектеп оқушысы, журналистің альфонс жігіт туралы жазбалары тоқтап қалғанда ашуланамын деп мерзімінен бұрын алты айлық баласын дүниеге әкелген келіншек те Дәулетбекқызының қуанышына ортақтасты. Ал өнер иелерінен “Жігіттер” тобының әншісі Мырзахан Маханов пен Сиви Махмуди авторды құттықтап келді.

Бибігүл Дәулетбек альфонс жігіт туралы кітап шығарды: Кешке жүздеген алматылықтар жиналды (фото)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр