Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Ақтан жұртқа жаңа сүйіктісін таныстырды

Бибігүл Ақтан инстаграм желісіндегі достарына жаңа сүйіктісін таныстырды. Алайда ол сүйіктісі көпшілік ойлағандай жігіт емес, мотоцикл болып шықты. Десе де, актриса оған ессіз ғашық болып, қол жеткізу үшін тіпті көлігін сатқалы жүргенін айтады.

image

Фото: instagram.com/bibigul_aktan_s/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Бибігүл Ақтан жуырда сүйіктісі Шерәлімен айырылысып кеткен болатын. Екеуінің мұндай шешім қабылдауларына әзірге не себеп болғаны белгісіз. Десе де, Бибигүл экс сүйіктісімен түскен суреттерін сақтап, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүр.

Жуырда инстаграм желісіндегі парақшасында сигн жасаудан байқау ұйымдастырды. Аталған байқаудың жеңімпазына видео-сәлемдеме жолдауға және бағалы сыйлық табыстауға уәде берді. Мұнымен қатар, көлігін сатып, су жаңа мотоцикл сатып алатынын айтып мақтанды.

“Танысып қойыңыздар – менің жаңа сүйіктім. Бұзық әрі қамсыз! Салмағы – 200 кг. 2,8 секунд ішінде жылдамдығын 100-ге жеткізе алады. HP 4 тректі модификациясындағы BMW S 1000 RR. Әрине, оны кез келген адам басқарып кете алмайды.

Менің алғашқы мотоциклім қарапайым болады. Мен шексіз ғашық болдым. Оны хабарландырудан көріп қалып, енді ұйықтай алмай жүрмін. Көлігімді сатып, Kawasaki Ninja ZX-6R алмақпын”, – дейді Бибігүл Ақтан.

Желі қолданушылары бірауыздан қыз балаға көліктің дұрысырақ екенін айтып, мотоцикл алмауға кеңес берген.


Жіберіп алмаңыз:

Шерәлі актриса Бибігүл Ақтанмен айырылысқанын айтты

Бибігүл Ақтан президент өмірі жайлы фильмнен әдейі шеттетілгенін айтты

Актриса Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Талқылау