Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Ақтан президент өмірі жайлы фильмнен әдейі шеттетілгенін айтты

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы “Жұлдыздар осылай жанған еді” туындысын режиссер Сергей Снежкин түсіріп, рөлдерге актерлер мен актрисаларды өзі тағайындаған болатын. Десе де, актрисаның сөзіне сенсек, елбасының Динара есімді қызының рөлі режиссер әйеліне жақпағаны үшін өзі бұйырмаған.

14470723739878 (1)

Фото: instagram.com/bibigul_aktan_s/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Келеңсіз жағдайдың себебін актрисаның өзі түсіндірді. “Мені Сергей Снежкиннің шатақ мінезді әйеліне жақпағаным үшін түсірілімнен алыстатты. Өкінішті, әрине. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қатты сыйлаймын және оған арналған туындыға атсалысқым келген еді. Алайда ештеңке етпейді, Мәскеуге барып, көптеген жобамен айналысатын боламын. Маған Динараның рөлі кімге бұйыратыны қызық? Менің білуімше, режиссер барлық рөлге актерлерді өзі тағайындаған. Бірақ өз сөзінен әйелі Инессаның қалауын жоғары қоятын сияқты”, – деп актриса ешқандай да көңілі түспейтіндігін жеткізді.

Screenshot_2015-11-09-17-06-44-1

Аталған рөл актриса Динара Бақтыбаеваға бұйырды. Фильмнің алғашқы бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін Нұрлан Әлімжанов сомдаса, соңғы бөлімінде аталған рөлді Берік Айтжанов ойнап шықты. Картина 28 сәуірден бастап қалың жұртшылық назарына ұсынылады деп жоспарлануда.

bwWNbCiTMjA

12825874_1043077895751154_1557953200_n

Осы уақытқа дейін актриса Бибігүл Ақтан мен Шерәлінің бірігіп түскен суреттерін көрген желі қолданушылары олардың арасында сезім бар екенін айтқан-ды. Мұны қос ғашықтың өздері де жасырмайтын сыңайлы. Екеуі отандық арналардың бірінен көрсетілген “Ничего личного” деп аталатын телехикаяда басты рөлді сомдаған болатын. Мұнымен қатар, Бибігүл Ақтанның 22 жасында режиссер Иван Бурмистерге тұрмысқа шыққаны белгілі. Алайда актрисаның күйеуімен ажырасқан, ажыраспағаны туралы ақпарат жоқ.

Талқылау