Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биатлоншы Арина Пантова жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлде еншіледі

Норвегияның Лиллехаммер қаласында қыздар арасында биатлон спринтінен алты шақырымдық жарыс аяқталды.

31.01.2016, Cheile Gradistei, Romania (ROU): PANTOVA Arina(KAZ), KRYVONOS Anna(UKR) - IBU Youth and Junior world ski championships biathlon, pursuit women youth, Cheile Gradistei (ROU). www.nordicfocus.com. © Tumashov/NordicFocus. Every downloaded picture is fee-liable.

Сурет gazeta.caravan.kz сайтынан алынды

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Бұл  сайыста неміс биатлоншысы Юлиана Фруует жеңімпаз атанды, екінші орында – норвегиялық Марта Йохансен, қазақстандық Арина Пантова үшінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында 6 шақырымға жарысқан жүлдегерлердің уақыт көрсеткіштері мынадай: Юлиана Фрууерт (Германия) – 18:23.5 (0+0), Марта Йохансен (Норвегия) – +5.6 (0+1), Арина Пантова (Қазақстан) – +17.1 (1+1).

Талқылау