Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҒМ университеттерге жұмысқа орналасуы төмен мамандықтарды оқытуға тыйым салады

ҚР Білім және ғылым министрлігі жұмысқа орналасуы төмен мамандықтарды оқытатын жоғары оқу орындарына аталған мамандықтарды оқыту құқығынан айырады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

БҒМ университеттерге жұмысқа орналасуы төмен мамандықтарды оқытуға тыйым салады

«Министрлік жұмысқа орналасуы төмен мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарынан лицензияларды қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Лицензияны қайтарып алу кезінде аумағын, оқулықтарды есептеп отырмаймыз. Біз үшін баланың еңбек нарығында өз орнын табуы маңызды», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Ссағадиев.

Оның айтуынша, биылғы жылы 17 лицензия қайтарып алынды және министрлік осы жұмысты күшейтетін болады.

«Бұл негізгі бағыттардағы жоғары оқу орындарының пайда болуына әкеледі. Бір бағытта жақсы маман даярласа, сол бағытпен кете береді. Ал диплом жақсы сұранысқа ие болмаса, ондай мамандықтарды оқытудың еш мәні жоқ»,-дейді Сағадиев.

Сонымен қатар, білім беру басқармасының басшысы ЖОО-ға қойылатын біліктілік талаптарын күшейтуді дұрыс деп санайды.

«Министрліктен тәуелсіз жаңа жүйе әзірленді. Ол жүйе қандай жоғарғы оқу орындарын университет, академия, институт деп атауға болатынын анықтайды. Қазіргі уақытта бұл жүйе жоғары оқу орындарының ректорларымен талқылануда», – деді ол.

Министр сондай-ақ, академиялық талаптарға сай деп аталатын лига құруды қолдады.

«Бұл бастаманы университеттердің өздері бастап отыр. Біз Қазақстанда жоғары білім беру мекемелері лигасының құрылып жатқанын мақтанышпен айта аламыз», – деп атап өтті Ерлан Сағадиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау