Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

БҒМ: Мектеп бітіруші түлектердің кеші кафе-мейрамханаларда емес, тек мектепте өтеді

Оқу жылының соңында оқушылар мен олардың ата-аналарын мектеп бітіру рәсімінің форматы алаңдатты. Сонымен қатар ата-аналар комитетінің ақша жинайтыны туралы хабарламалар келуде. Бұл көптеген отбасыларға салмақ болары белгілі. 

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ақша үнемдеу мақсатында кафелер мен мейрамханалардан гөрі бітіру кешін мектепте өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар министрліктің айтуынша, кештің мақсаты сәнді киімдерді көрсету емес, балаларға, мұғалімдерге және ата-аналарға шынайы ықылас көрсету. 

Бітіру кешінің форматы тым сән-салтанатт болмауы керек. Көп жылдар бойы еңбек еткен мұғалімдердің, ата-аналардың, мектеп бітіруші түлектердің есінде қаларлқтай диалог түрінде болуы керек.

Кеште мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, мектепте, ауданда, қалада, облыста, республикалық және халықаралық жарыстарда жеңімпаз болған оқушыларға құрмет көрсетуге болады.

Түлектер мұғалімдердің көмегімен шығармашылық бағдарлама дайындай алады және өздерінің ата-аналарына, сүйікті мұғалімдері мен сыныптастары үшін қызықты форматта мектепішілік іс-шара ұйымдастыра алады.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр