Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде жаздық демалысты қысқартады

Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушылары оқуды 1 маусымға қарай аяқтайды деп жоспарлануда, ал жоғарғы сынып оқушылары маусымның ортасында оқуларын аяқтайтын болады.

11561077

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

“Мектептерде бес күндік оқу аптасын енгізуге байланысты оқу жылын маусымның ортасына дейін ұзарту жоспарлануда”, – деп мәлімдеді Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде бірінші сыныптарда бес күндік оқу аптасы енгізіледі. Бұл шешім Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алты күндік оқу аптасын алып тастау жолымен оқушыларға жүктемені азайту тапсырмасынан кейін қабылданды.

“Егер біз бес күндік оқу аптасын енгізсек, сәйкесінше бала 36 күн демалады. Сондықтан, біз жазда мектепте болу уақытын ұлғайтуға тиістіміз. Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушылары оқуды 1 маусымға қарай аяқтайды деп жоспарлануда, жыл сайын бұндай ұзарту өсетін болады. Жоғарғы сынып оқушылары маусымның ортасында оқуларын аяқтайтын болады”, — деді Сағадиев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау