Қазақстандық мектептерде жаздық демалысты қысқартады

Сейсенбі, 5 Сәуір , 2016 18:26

Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушылары оқуды 1 маусымға қарай аяқтайды деп жоспарлануда, ал жоғарғы сынып оқушылары маусымның ортасында оқуларын аяқтайтын болады.

11561077

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

“Мектептерде бес күндік оқу аптасын енгізуге байланысты оқу жылын маусымның ортасына дейін ұзарту жоспарлануда”, – деп мәлімдеді Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде бірінші сыныптарда бес күндік оқу аптасы енгізіледі. Бұл шешім Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алты күндік оқу аптасын алып тастау жолымен оқушыларға жүктемені азайту тапсырмасынан кейін қабылданды.

“Егер біз бес күндік оқу аптасын енгізсек, сәйкесінше бала 36 күн демалады. Сондықтан, біз жазда мектепте болу уақытын ұлғайтуға тиістіміз. Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушылары оқуды 1 маусымға қарай аяқтайды деп жоспарлануда, жыл сайын бұндай ұзарту өсетін болады. Жоғарғы сынып оқушылары маусымның ортасында оқуларын аяқтайтын болады”, — деді Сағадиев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ата анаға міндетті көбірек салу керек, оқушы үйде оқып дайындалмаса қанша уақытты сосаңызда оқушы оқырманды! Дұрыс негізі егер бес күндік болса, онда ұзартуға болады! Барлық міндетті мұғалімге артып қойған оқушы əр мұғалім мен 45минут қана өткізеді!

  • Жұмбақ жан says:

    Бул сумдыккой. Кобиси карсы болады.

  • Жұмбақ жан says:

    Программаның қиындығы аздай енді балалардың жазғы демалыстарын қысқартқандары қалай? Оқып жатқан пәндерінің өзінен, өзіміздің миымыз ашиды оданда керек емес пәнді алып тастамайма, балала деген морально қатты шаршайды бұл деген сұмдыққой баланың орнына өздерін қойып көрмейма қандай ауыр

  • Жұмбақ жан says:

    Тапкан акылдарын сол ма? 1ши сыныпка керексиз пандерди алып тастаса болды емес пе? Логика’ самопазнание деген пандер неге керек?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар