Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Безеуден құтылуға көмектесетін 5 тағам

Егер бетке безеу шықса, бүгіннен бастап, дұрыс тамақтану қажет деген сөз. Тамақтану мәзірін реттеу арқылы, безеуден құтылуға болады. Ал ол үшін безеуді кетіретін 5 азық-түлік көмектеседі.

ugri

1. Таза су. Теріні сау әрі жас етіп сақтау үшін, су ішкен дұрыс. Сонымен қатар, қандай да бір газдалған сусын ішпеңіз. Күніне басқа да сусындар мен сорпаны есептемегенде, кем дегенде 8 стакан су ішіңіз. Су безеуден арылтатын ең негізгі құрал болып саналады. Оның үстіне, су тері жасушаларын жаңартады.

2. Зәйтүн майы. Тамақты зәйтүн майымен дайындау қажет. Бұл көптеген артықшылығы бар керемет тағам. Зәйтүн майы теріні безеуден тазартады. Ал оның ең негізгі қасиеті – май қышқылдарының ішіндегі табиғи, тазасы екендігінде.

3. Көк шай. Асқынуға қарсы химилиялық элемент катехиннің негізгі көзі болып табылады. Бұл зат теріні безеуден арылтуға көмектеседі. Тері жасушасының бұзылуына әкелетін еркін радикалдардың алдын алады.

4. Бидай және жаңғақтар. Бұл тағамдар тері жасушаларының саулығына әсер ететін селеннің негізгі көзі. Селен бұзылған тері жасушаларын қалпына келтіріп, безеуді кетіреді. Ал жаңғақтарда теріні жұмсақ әрі тегіс ететін омега-3 майы бар. Бұл тағамдарды тамаққа қоссаңыз, безеуден де құтыласыз, теріңіз де жасарады.

5. Ет пен балық. Ақуыздың ең негізгі көзі. Ақуызға бай тағамдарды пайдалану арқылы безеумен күресуге болады. Күнделікті тамақтану мәзірінде ақуыз міндетті түрде болуы керек. Бұл теріні жұмсақ әрі тегіс етіп қоймай, сын-сымбатыңызды жақсартуға көмектеседі. Өйткені, зерттеулерге сүйенсек, ақуыз артық салмақтан арылтады.

Керек кеңес confederation.kz сайтынан алынды.


Безеуден қалай құтылуға болады: толық нұсқаулық

Талқылау