Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейжің көшелері бос қалды (фото, видео)

Қытайдың ай күнтізбесі бойынша олардың жаңа жыл мерекесі 8 ақпаннан бастау алады. Айтулы мерекеге дейін Қытайдың басты көшелері артық қозғалыстан босап, тазарған. Бұл бірінші кезекте қаланың көптеген тұрғындарының мерекені жақындарымен қарсы алуы үшін басқа өлкелерге кетіп қалуымен байланысты.

a46003d00c8f81

Бұл туралы tjournal.ru сайты

Әлеуметтік желі қолданушылары Бейжіңдегі әдетте аузы-мұрнынан тығылып тұратын қалың нөпірден босамайтын көшелердің мереке күндеріндегі бейнесін жариялап жатыр. Қаланың көрікті жерлері де қаңырап бос қалған.

1d7ef897c1609c @MayianiS
3c04d464d1798c @hi_kirk
 064d8b9c7b7fe7 @marquesphotog
76c7ddadf8ef83@MayianiS
89db93d350e2b0@chingkaichingkai
130c48c1613d0e  @selfietecture
a265ed8f999989 @firethought
 bb5b3eb01f6952 @MayianiS

Түнгі Бейжіңнің көріністері полиция тікұшағынан түсірілген. Мұны People’s Daily басылымы твиттерде жариялады.

d2a438a5157eda ff66ea3dc8d5e5555e0d181116ac36cf1ca17a0516

Қытайлықтарды жаңа жылмен құттықтағандардың арасында Рим папасы Франциск болды. Ол айтулы мерекемен құттықтап, табыс, бейбітшілік пен ынтымақтастық тіледі. Құттықтауға Facebook-тың негізін салушы Марк Цукерберг те қосылды. Ол өз отбасының атынан Қытай халқына барлық жақсылықты тілейтінін жеткізді.

Талқылау