Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейтаныс қызбен билеп жүрген Тәуекел Мүслім жұртты қызықтырып қойды (видео)

Желіде еліміздегі сымбатты жігіттердің бірі, актер Тәуекел Мүслімнің бейтаныс қызбен билеп жүрген видеосы тарап кетті. Өз кезегінде желі қолданушылары көптеген қыздың арманына айналған актермен билеп жүрген қыздың кім екенін болжап, қызығып қалды, деп жазады Stan.kz.

 

Желіде тарап кеткен видеода Тәуекел тойлардың бірінде бейтаныс қызбен вальс билеп жүр.

Бұған дейін актер өзінен біршама жас кіші қызды ұнатып қалғанын мойындаған еді. Алайда жігіттің серісімен билеп жүрген қыздың сүйіктісі ме, басқа ма, белгісіз.

Әйтеуір, желі қолданушыларының дені сүйікті актерін қызғанып қалғаны байқалады. Тіпті, кейбірі видеодағы бойжеткенді сынап, «екеуінің жараспайтынын» да айтқандар болды.

Ал кейбірі Тәуекелдің таңдауы мен талғамы биік екенін айтып жаттыр.

«Тәуекел таңдаса, ол бәрінен артық қыз», «Бір-біріне жарасады, Бақытты болсын», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Айта кетсек, бұған дейін Тәуекел Мүслімнің белгісіз арумен құшақтасып түскен суреттері желіде қызу талқыға түскен еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау