Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейтаныс әйелдің хиджабын шешіп тастамақшы болған ер адамға үкім кесілді

Солтүстік Каролина тұрғыны Гилл Паркер Пейн бейтаныс әйелдің хиджабын шешуге әрекеттенгені үшін жауапқа тартылды. Оқиға Чикагодан Альбукеркке бет алған ұшақ ішінде болған.

hidjab_pokornost_002

Фото: islam.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

АҚШ соты ер адамды бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып және 1000 доллар көлемінде айыппұл салды. Енді ол екі айын үй қамауында өткізеді.

Оқиға 2015 жылғы желтоқсанда Southwest Airlines авиакомпаниясының рейсінде болған. Мұсылман әйел қызына той көйлегін таңдауға көмектесу үшін Огайоға сапарынан кейін Альбукеркке қайтып бара жатқан.

“Ол менің жанымда тұрды, оған қарап едім, ол маған жоғарыдан төмен қарап тұр екен. Бір кезде орамалымды, хиджабымды тартып: “мынаны шеш деді”, – дейді Хавла Абдель-Хак.

Мұсылман әйел хиджабын қайта оранып, жеткен бетте полицияға шағымданған.

Оқи отырыңыз:

Белгісіз адамдар жаза ретінде 6 ұрының қолын шауып, өздерін көшеге тастап кеткен (фото+18)

Талқылау