Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейтаныс әйел ертіп жүрген: Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен бала табылды

Нұр-сұлтанда жоғалып кеткен бала Қостанай облысынан табылды.

bala_jogaldy

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz хабарлайды.

"2019 жылдың 1 маусымында Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің аудандық полиция инспекторы Асылбек Молдағалиев операциялық-профилактикалық іс-шарасы кезінде баланы ерткен бейтаныс әйелді байқайды. Полиция қызметкері әйелдің кімге келгенін сұрай бастады. Әйел жауаптарынан шатасып, өзін басқа атымен таныстырды. Құжаттарды тексергенде, есімінің басқа екені белгілі болды. Баланың Нұр-Сұлтанда іздеуде тіркелгені анықталды", - делінген хабарламада.

Баланың анасы ата-ана құқығынан айырылған және баланы заңсыз алып кеткен екен. Полиция баланы әкесіне, заңды өкіліне табыстады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр