Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонсе мен Джей-Зи егіздерінің есімдерін тауарлық белгі ретінде рәсімдеп алды

Америкалық жұлдызды жұп Бейонсе мен Джей Зи Руми Картер және Сэр Картер атты екі есімді тауарлық белгі ретінде тіркеп қойды. Sky News басылымының болжамынша, әлемге әйгілі жұлдыздар жаңа туған егіздерін осылай атамақ.

beyonse-i-dzhey-zi-stali-roditelyami-bliznecov_2

Басылымның хабарлауынша, Руми есімі парсы ақыны Джаладдин Румиде кездеседі. Ал Джей-Зидің «4.44» атты жаңа альбомындағы Marcy Me әнінде парсы тілінен алынған сөздер бар.

Жұлдызды жұп 2012 жылы алғаш рет қызды болған кезде де осындай қадамға барған болатын. Музыканттар Айви Блю Картер есімін ешкім пайдаланбасын деп авторлық құқық жөніндегі құжаттарды рәсімдеп алған.

Айта кетейік, Бейонсенің егіз босанғаны туралы ақпарат 18 маусым күні пайда болды. Одан кейін БАҚ «жаңа туған егіздерді танымал жұлдыздар өз құрметтеріне атапты» деп шуласты. Алайда жоғарыда келтірілген мәліметке сүйенсек, алдыңғысы жалған болып шыққан ұқсайды. Ал Бейонсенің өзі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым

Қарақат сәбиінің кімге ұқсайтынын айтып, есімінің мағынасын түсіндірді (видео)

“Музарт” тобы қатерлі ісікке шалдыққан балаларды қуантты

Желідегілер Төреғалиді екінші рет әке атануымен құттықтады

Талқылау