Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонсе 2017 жылдың ең табысты әншісі атанды

Америкалық әнші Бейонсе 2017 жылдың ең табысты әншісі атанды. Бақуатты әртістер тізімін Forbes журналы жария етті.

Рейтингке сәйкес, Бейонсе 2017 жылы 105 миллион доллар табыс тапқан. Екінші орынға жайғасқан Адельдің табысы Бейонсемен салыстырғанда әлдеқайда аз, 69 миллион доллар. Ал жылдық табысы 44 миллион долларды құраған Тейлор Свифт бақуатты әртістер тізімінде үшінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, 2017 жылғы табысы мол әртістер ондығында Селин Дион, Дженнифер Лопес, Долли Партон, Рианна, Бритни Спирс, Кэти Перри мен Барбра Стрейзанд кірді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақша Сумерки: RinGo тобы тыңдармандарын жаңа бейнебаянмен қуантты (видео)

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес

Әріптестері 2 миллионға шетелдің әнін алған Бүркітті сынап тастады

 

Талқылау