Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонс өзінің есімін пайдаланып жүрген компанияны сотқа берді

Америка әншісі Бейонс Feyoncé Inc компаниясын сотқа берді. Әншінің айтуынша, техастықтар оның есімін пайдаланып жүр.

limonnaya-dieta-beyonce

Сурет: pohudet.info 

Арызда өтілім сомасы көрсетілмеген. Сондай-ақ, Манхеттанның федералды сотына берілген құжатта әншінің өкілдері бұл туралы Feyoncé Inc компаниясына ескертулер жібергені де жазылған.

Алайда, Техас компаниясы Бейонстың шығармашылығын еске салатын киімдер мен сувенирлер шығаруын тоқтатпаған. Фирманың өнімдері ішінде «Ол сақина салды» деген атаумен шыққан ыдыстар да бар. Бұл атау Бейонстың 2008 жылы жарық көрген Single Ladies ән жинағын еске салады.

Бейонс – r’n’b жанрында орындайтын танымал әнші. Ол Jay Z рэперінің әйелі. Әнші алғаш Destiny’s Child тобында ән айтып таныла бастады. Ол 20 рет «Грэмми» сыйлығын алған.

Талқылау