Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейіт басында суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттан сөз естіді (фото)

Әкесінің бейітінің қарсы алдында отырып суретке түскен Ақылбек Жеменей жұрттың ашуын келтірді.

image

Фото: instagram.com/zhemeney/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Әнші Ақылбек Жеменей әкесіне арнап тұрғызған бейіттің суретін көрсетті. Аталған суреттен бейіттің адам бойынан екі есе үлкен екенін байқауға болады. Мұнымен қатар, ені мен ұзындығы да әдеттегі мазарлардан көлемдірек. Әрі бір шетте ерекшеленіп тұрғанын да байқауға болады. Бәрінен бұрын әншінің бейіттің қарсы алдына отырып суретке түсуі жұрттың ашуын келтірді. Олар мұның ерсі екенін айтып, келесіде мұндайды жұртқа жария етпеуге кеңес берді.

“Расымен сурет көзге дөрекі көрінеді екен. Мүмкін жұртқа бейітті көрсетіп, пікірлерін білгісі келген шығар”, “Қайырлы болсын! Бірақ жұрт сөзінің жаны бар. Бейітті дәл бұлай салуға болмайды”, “Әкеңіздің басына тамды жақсылап-ақ салыпсыз. Бірақ әдетте “Бейіт жермен жексен болып кететіндей болуы тиіс” деп айтып жатады ғой. Сондықтан оны кәдімгі топырақтан салған жөн”, “Иманды болсын! Бірақ бейіт басында тұрып суретке түскеніңіз, артынша оны инстаграмға жүктегеніңіз не сұмдық?! Әлде мақтанғыңыз келді ме?”, “Әкемнің басына деген сөздеріңіз ерсі естіледі екен. Зиратына деп жазғаныңыз дұрыс”, “Суретке түсірмей баруға болмай ма? Барсаң өзің үшін ғана барасың емес пе? Мұның ерсі!” – дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ақылбек Жеменей костюміне Адайдың таңбасын салып, сөзге қалды

Ақылбек Жеменей МС Сайлаубекке киім алып берді

Ақылбек Жеменей жарық сөніп қалған концертінде домбырамен құтылып кетті

Әнші Жеменей де әріптестерінен қалмаудың қамына кірісті

Куәлігіне лақап атын жаздырып алған Ақылбек жұрттың күлкісіне қалды

Талқылау