Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Шүменов пен Джуниор Райт Лас-Вегаста салмақ өлшеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен Джуниор Райт Лас-Вегаста салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Қос боксшы арасындағы кездесу 21 мамыр күні өтеді.

photo_185172

Сурет boxingnews24.com

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Салмақ өлшеу бойынша Шүменовтың салмағы 90,3 келіні құраса, ал қарсыласы Джуниор Райт 90,5 келі болды. Аталған кездесуде екі боксшы WBA тұжырым бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Жеңімпаз келесі Денис Лебедев пен Виктор Рамирес арасындағы жеңімпазға міндетті қарсылас атанады. WBA шешімі бойынша бұл кездесу алдағы үш айдың ішінде өтуі тиіс.

Шүменов пен Райт жекпе-жегі The Cosmopolitan аренасында өтеді. Лебедев пен Рамирес арасындағы бәсеке де осы күні Мәскеуде өткізіледі. Шүменов өзінің соңғы кездесуін 2015 жылы шілде айында өткізіп америкалық би джей Флоресті ұтқан еді. Осы жеңістің арқасында қазақстандық WBA белдігін уақытша иеленді.

Талқылау