Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Қошқалиев пен Жанна Орынбасарованы “Атырау арман” бейнебаяны үшін сынап тастады (видео)

 “Атырау арман” әнінің сөзін жазған автор Маржан Ершу әнге түсірілген бейнебаянға көңілі толмайтынын айтты, деп жазады “Ақ Жайық”.

пп

Түсірілімге Жанна Орынбасарова, Бейбіт Қошқалиев, Ақмарал Машимова, “Заман” тобының әншісі Ерген Айтымбетов, Әсет Қарабалин, Динара Сұлтан, Бақыт Тұрман сынды Атыраудың атақты әншілері мен  музыкант Ринат Гайсин, Алматыдан Нұрлан Абдуллин шақыртылған.

“Жұлдыздар бейнебаян түсірдік деп мақтанатын шығар. Біріншіден, бұл әнге бейнебаян түсіруге менен ешкім рұқсат сұраған жоқ. Екіншіден бейнабаянда әннің авторы көрсетілмеген. Бейнебаянда Атыраудың кескін келбеті жоқ. Қаланың тіршілігін сипаттайтын көрінісі, тұрғындары жоқ. Көшелері бос. Әншілер саусақтарын шошайтып бірдеңеге нұсағандай болады. Бейнебаянда өз көркі мен киімдеріне сүйсінген әншілерді ғана көруге болады. Олар әнді гимн ретінде емес, қарапайым ән ретінде жүрекпен емес, саусақтарымен шырқауда. Бұл Атыраудың жарқын болашағын елестете ме?  Кадрдың бірінде әншілер Фариза Оңғарсынованың ескерткішіне гүш шоғын қояды. Бейнебаянда әннің авторы көрсетілмегендіктен көрермен әннің авторы Фариза Оңғарсынова деп ойлайды. Бір сөзбен айтқанда, бейнебаян қаланың құрметіне емес, әншілер мен олардың туыстарына жарнама ретінде түсірілген”, – дейді Маржан Ершу.

Айта кетейік, әннің бейнебаяны өз туған қаласына сый жасағысы келген жергілікті кәсіпкердің есебінен түсірілген.

Жіберіп алмаңыз:

Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)

Тыңдаңыздар: Ерке Есмаханның әйел бақыты туралы жаңа әні (видео)

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Мөлдір Әуелбекова декреттік демалысында үй жабдықтарын тігіп жатыр

Талқылау