Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Көшқалиев: Қазақстаннан кетіп қалғым келеді

Кезінде “KZ” тобының құрамында болып, кейінірек жеке өнерімен сахнаға оралған әнші Бейбіт Көшқалиев, өзінің өнері, бүгінгі шоу-бизнес туралы ойымен бөлісті.

0yKvLUfDEOY

Сурет everything.kz

Бұл туралы ол “Астана” арнасындағы “Сырласу” бағдарламасында айтты.

“Кейде Европаға немесе АҚШ-қа кетіп қалғым келеді. Бірақ ойлайсың ол жақта да мен сияқтылар көп ғой деп. Ол да оңай емес, үлкен қаражатты талап етеді. Сосын ол жақтың өз жүйесі бар, жәй барып кіре салмайсың”, – деді әнші.

Жұлдыз той бизнес пен шоу-бизнестің ара-жігі туралы да пікір білдірді.

“Мен шой-бизнеске жақынырақпын. Мен тойдың әндерін жазбаймын. Ал негізі той әні, шоу әні деп бөлмеу керек деп ойлаймын. Өнер болған соң барлығы да шығу керек. Тойдың әнін жазып қырып ақша таппасам да, артымда өзімнің ерекше ізімді қалдырып кеткім келеді”, – дейді Бейбіт.

Әнші шетелде оқып келгеннен кейін 3 жыл бойы бос жатып қалған. Тіпті өзінің әу бастағы мамандығы мұнай саласына да араласқысы келіпті.

“Алайда достарым мені бұл райымнан қайтарды. Өйткені бір жыл әке-шешемнің қолында, солардың асырауында жатып қалдым. Бұл деген үп-үлкен жігіт адамға қатты қиын әсер етеді екен. Әсіресе, досым, продюсерім Ғалымбек Исмбергеновтың еңбегі зор. Ол Алматыға шақырып, Алланың қалауымен жолымды ашты. Екеуміз жақсы туындыларды халыққа сыйлап келеміз”, – деді ол сұхбат барысында.

Талқылау