Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбіт Қорған жақында ұлды болғанын жария етті

Бір кездері хит әндерімен елді баураған Бейбіт Қорған бүгінде ел көзінен тасада жүр. Себебін әншінің өзі айтты. 

Бейбіт Қорған

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бейбіт бұрындары от болды, кейін «шоқ» болып, артынан жұрт назарынан «жоқ» болды! Бүгінде Қорғанды халық көшеден көрсе қалса, алғашқы қоятын сауалы: «Сіз қайда жүрсіз?», - деп басталады.

"Қолымыздан келгенше тырысамыз енді. Біреулер көріп тұрып, көрінбей кеттің ғой дейді. Көріп тұрсың ғой деймін де, қалжыңдап!" - дейді Бейбіт Қорған. 

Осылай қалжыңдаған әнші артынан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. 

"Бей-берекетсіз қайта-қайта көріне бергенді өз басым ұнатпаймын. Енді бір сағындырып, себебі бар бір нәрселер болып жатса. Мысалға, балам дүниеге келіп жатыр. Неге оны жария қылмасқа? Сондай ғана бір себептер болмаса. Қайта-қайта жылтыңдап, ана жақтан, мына жақтан мен бармын деген дұрыс емес сияқты", - дейді Бейбіт Қорған.

Кезінде Бейбіттің кез-келген әні тыңдарманын лезде табатын. Кейін репертуары «Шоқ қыздармен» толыққанда, шығармашылығы тіптен шарықтай түсті. Дәл қазір хит тақырыбы қаншалықты Қорғанды толғандырады?

"Бір жолдас жігіт айтпақшы, сен қайта-қайта «Шоқ қыздарға» ұқсас бір өлеңдерді шығара бересің дейді. Енді не істейміз деп қоямын ғой. Нормально ақша тауып едік деп. Білмеймін енді, қолымыздан келгенше тырысып жатырмыз", - дейді Бейбіт Қорған.

Келер жылы әншінің шығармашылығында мерейтой екен. Осыдан 20 жыл бұрын отандық эстрадаға алғашқы қадамын жасаған Қорған, айтулы шараны ауқымды аудиторияның алдында атап өтпек ниетте. Осы уақытқа дейін ел алдында есеп беруге талай мәрте талпынғанымен, сәті түспепті.

"Басында ойладық, ешкімге ұқсамайтындай жасағымыз келді. Бір жағынан қаражат жетпеді. Бір жағынан басқа жағы дұрыс болмайды қалды. Келесі жылы, келесі жылы береміз деп, әне-міне дегенше уақыт өтіп кетті", - дейді әнші.

Бейбіт таяуда еліміздегі аймақтық әнсапарын тәмамдады. Аталған турне – толықтай қайырымдылық концерт ретінде ұйымдастырылған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр