Қазақстандық миллионер автокөлігіне 31 миллион теңге жұмсаған

31 миллион теңгеге Алматыда 3 бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Алайда, жас әрі табысты кәсіпкер Бейбіт Әлібек америкалық көлігінің осынша ақшаға тұрарлық екеніне сенімді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық миллионер автокөлігіне 31 миллион теңге жұмсаған

Әлібековтың сөзінше, ол аңызға айналған америкалық көлігін 10 жыл бойы құрастырған. Ал көлігін құрастыру үшін жалпы сомасы 31 миллион теңге жұмсапты.

Бұл көліктің кез-келген ерді қызықтырып, әр сұлуды таңдандырары сөзсіз.

Бейбіт Әлібек 31 миллион теңгелік «Мустангын» көрсетті

«Ұзын капот, кішігірім жүк салғыш – америкалық автокөлік үшін мінсіз үйлесім. Көліктің кереметтігіне өзім де таңданамын. …Мұндай көлік кемелдікке, мінсіздікке деген талпыныс. Оның салоны таза былғарыдан жасалған. Әр бөлшегі жайдан-жай жасалмаған. «Mustang» деген жазуы Алматыда алюминийден қиып жасалынған, – дейді Әлібеков.

Бейбіт Әлібек 31 миллион теңгелік «Мустангын» көрсетті

1968 жылғы Ford Mustang-тың бір жарық түсіргіш фарының өзі кемінде 500 доллар (шамамен 180 мың) тұрады.

Бейбіт Әлібек 31 миллион теңгелік «Мустангын» көрсетті

Ал көлік жанармайды қазақстандықтар ұнатын Toyota Camry-ден 4 есе көп тұтынады.

Бейбіт Әлібек 31 миллион теңгелік «Мустангын» көрсетті

Бейбіт аңыз көлігін сирек пайдаланады. Ол темір тұлпарын тек атаулы жағдайларда ғана тізгіндейтін көрінеді.

Бейбіт Әлібек 31 миллион теңгелік «Мустангын» көрсетті

Бейбіт Әлібек – қазақстандық танымал кәсіпкер, қазақстандық телерадио хабарларын тарату ассоциациясының басқарушысы, First Media Group холдингінің директоры, Алматыдағы Bentley Kazakhstan клубының негізін салушы әрі басшысы. Сондай-ақ, ол – L’Officiel Kazakhstan, L’Officiel Hommes Kazakhstan, SNC Kazakhstan журналдарының шығарушысы, Қазақстан Республикасының бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың күйеу баласы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар