Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қадіріңді кім білген": Мейрамбек Бесбаевтың бала күнгі суреті жұрттың жүрегін елжіретті

«Бозторғай» деп шырылдап күллі қазақтың құлағында үні қалған Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желіге ескі суреттерінің бірін жүктеп жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Мейрамбек

Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова сынды бірқатар өнер адамымен балалалық шағында түскен суретін жүктеп, жазба қалдырған Мейрамбек Бесбаевқа халық жылы сөздерін жаудырды.

«Қадіріңді кім білген? Беу, балалық күндер-ай!» - деп жастық шағын өкінішпен, сағынышпен еске алды әнші.

Танымал адамдардың жанында отырған бала Мейрамбекті халық бірден танып, «Бозторғай» әнін орындағаннан кейін түсірілген естелік екенін аңғарды. Сахнаны кішкентай кезінен бағындарған сүйікті әншілеріне жұрт жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілегін арнады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр