Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетперде киген адам футбол матчы кезінде қақпашыны буындырып өлтірмек болды (видео)

Швецияда бетперде киген белгісіз біреу футбол матчы кезінде қақпашыны буындырып өлтірмек болды. Қаскүнемнің шабуылынан кейін қақпашы жерге құлап, бірнеше минут бойы тұра алмай жатқан.

г

Швецияның бірінші лигасындағы «Йёнчёпингс Сёдра» мен «Эстерсунд» клубтарының арасындағы матчты тоқтата тұруға тура келді. Бетперде киген қаскүнем Али Кейтке жүгіріп келіп, мойын тұсынан ұстап, буындырмақ болған. Оқиға 15 тамызда ойынның аяқталуына жарты минут қалғанда болған. Әзірге спортшының қандай жарақат алғаны анықталу үстінде. Ал қастық жасаған ер адамды стюард тоқтатып, жерге алып жықты.

Қаскүнем полицияға берілместен, бұрын стадион трибунасында жарылғыш заттың бар екенін айтқан. Алайда тәртіп сақшылары ешқандай күдікті затты таба алмады. Төреші кездесуді үзілген жерінен аяқтауды жөн тапты. Ойын 1:1 есебімен аяқталғанымен, «Йёнчёпингс Сёдра» клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіс тағайындалуы мүмкін. Бұл егер Швецияның футбол федерациясы стадион қызметкерлерінің матч кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай алмады деген шешімге келсе ғана іске асады.

Жіберіп алмаңыз:

Футболшылар алаңда төрешіні соққының астына алды (видео)

Егде адамның бетпердесін киген спортшы бодибилдерлерді алдап соқты (видео)

Талқылау