Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетіне татуировканы толтырып алған рэпер кезінде әскери училищеде оқып, сержант шенін алған

25 жастағы Азамат Мейрамбекті көпшілік “Парфюмер” лақап атымен таниды. Осыдан 2 жыл бұрын бетіне неше түрлі татуировка жасатып алған ол бүгінде рэп оқиды. Болашақта Қазақстанда хип-хоп жанрын дамытқысы келеді.

Бетіне татуировканы толтырып алған рэпер кезінде әскери училищеде оқып, сержант шенін алған

Бұл туралы Stan.kz КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Маған мықты тәрбие берген. 2 жыл әскери училищеде оқыдым, әскерде 1 жыл болдым. Заң факультетін бітірдім, халыққа қызмет ету орталығында жұмыс істедім. Сержант шенін алдым”, – дейді жігіт.

Рэп айтып, өзін хип-хоп стилінде көрсетіп жүрген Азаматқа осы уақытқа дейін Ресейден де ұсыныс түсіп үлгерген. Алайда Азамат бас тартқан. Себебі “Отаныма қызмет” етемін дейді.

“Мен Қазақстанда хип-хоп өнерін дамытқым келеді. Скриптонит сияқты жасамаймын. Елден кетіп, ресейлік лейблдермен келісім-шартқа отырмаймын. Маған ол керек емес. Мен Қазақстанның хип-хопын көтеремін”, – дейді “Парфюмер”.

Азаматтың бетінде бірнеше татуировка бар. Болашақта ақ сақалды қария болсам да, бұл ісіме өкінбеймін дейді. Әйткенмен, Азамат ата-анасының алдында өзін кінәлі сезінеді. Дәл осы себепті оның бетіндегі татуировкалардың бірінде Sorry (кешіріңдер) сөзі жазылған.

“Олар маған көп үміт артқан шығар, ал мен осындай жолды таңдадым. Сол үшін кешірім сұрадым. Бірақ олай өмір сүре алмайтынымды түсіндім. 140 мың теңге айлық алу – біздің мемлекет үшін масқара деп білемін. Менің алдымда да талай адам айтып кеткен, сонда да қайталайын. Біздің елде бар байлықпен біз жақсы өмір сүруіміз керек”, – дейді рэпер.

Бүгінде 25 жастағы жігіттің 4 жасар ұлы бар. Есімі – Айсұлтан екен.

“Балам болашақта зорлықтан, есірткіден, гомосексуализмнен бөлек қандай жолды таңдаса да, мен ұлымды қолдаймын. Оған барынша көмектесіп тұрамын”, – дейді Азамат.

Бағдарлама барысында рэпер аралас жекпе-жек балуаны Қуат Найманнан кешірім сұрады.

“Қуат Найман, мен сізді құрметтеймін. Танимын, екеуміздің ортақ таныстарымыз көп. Қандай да бір ағаттық, дұрыс емес нәрсе жасап жүрсем, сенен кешірім сұрағым келеді. Себебі сен біздің туымызды Америкада, Еуропада көкке көтеріп жүрсің. Мен де туымызды биікке көтергім келеді. Тек музыка саласында”, – дейді “Парфюмер”.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау