Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетін от жалмап, 14 жыл адам көргісіз күйде жүрген өрт сөндірушіге жаңа бет салынды (фото)

Нью-Йорк тұрғыны Патрик Хардисон 14 жыл бойы адам көргісіз халде өмір сүріп келді. Алайда, бір жыл бұрын дәрігерлер оған ота арқылы жаңа бет жасап берді.

892

Өрт сөндіруші болып қызмет етіп жүрген Хардисон 2001 жылы 27 жасында өрт болып жатқан үйге кіріп, іште қалған әйелді құтқармақ болады. Алайда, төбедегі қабырға құлап оны басып қалған, деп хабарлайды Daily Mail.

От жалынынан оның бетіндегі қауіпсіздік маскасы да еріп, бетіне жабысып қалады. Ол жалма-жан масканы шешіп алып, дем алмастан көзін жұмып алып сыртқа шығуға талпынады.

р

Осы сәтте оның жанында болған әріптестері оның бетінің сыпырылып түскенін көргендерін айтады. Хардисон 63 күн емханада жатып шығады.

1291

Ол өрт салдарынан құлағы мен ерні, мұрнынан толық айырылып қалады. Тәпті көзі де көрмей қалған. Алайда, дәрігерлер оның көз жанары қалпында екенін, Хардисонның азапқа қарамай көзін жұмып жанарын сақтай алғанын айтқан.

11116

Ол үйіне келгенде үш баласы да қорқып қалған екен. Хардисон балаларға аюмен төбелескенін айтқан. Алайда, олардың ешбірінің қасына жақын келуге батылы бармаған.

main152

Бұдан бөлек Хардисон банкрот болып, баспанасынан да айырылып қалады. Ол үнемі емделіп жүргендіктен кәсіп етуге ыңғайы келмеген.

1068

2012 жылы Мэриленд дәрігерлері оған көмектесетінін айтып, донор іздеуге кіріседі. Олар Хардисонмен қан құрамы, терісінің, шашышың түсі, сүйек құрылымы бір болатын донор іздейді. Ақырында, 26 жасында апаттан көз жұмған Дэвид Родебоу есімді жігіттің бетін Хардисонға ауыстырып салады.

982

Дәрігерлер көз жұмған жігіттің анасына жолығып, оны донор етуді сұрағанда, анасы ұлының өрт сөндіруші болуды армандағанын айтып бірден келіскен.

6114

Ота 26 сағат бойы жасалған. Дәрігерлер оның отадан соң өмір сүруге 50 пайыз үміті барын айтқан.

1353

Хардисонның жүзі ақырындап өзгеріп, сүйек формасына ыңғайланған. Оған жылына шамамен 7 ота жасалды деп есептегенде, барлығы 71 ота жасалған.

7100

14 жыл бойы адам көргісіз азапқа төзіп келген ол енді жаңа өмірге қадам басқандай болады.

а

«Мен енді жақсы өмір сүрмейтін шығармын деп ойлаушы едім. Өмірім бір жылда қайта қалпына келе бастады», – дейді ол.

рн

Қайғылы оқиғадан соң Хардисон күзеліске түсіп, өмірден үмітін үзе бастаған. Осы кездерде әйелі де онымен ажырасып кете барыпты.

1292

Отамен жаңа бет салынған Хардисон балаларын қыдыртып қайтты. Тіпті, 15 жыл бойы суға түспеген ол бассейнге түсіп көрген.

1451

1547

1642

Кейіннен өзі қызмет еткен өрт сөндіру стансасына барып қайтты. Ол әлі күнге бұрынғы әріптестерімен бірге өрт сөндіргісі келетінін айтады.

1737

Бұл стансада Хардисонға арналған құрмет тақтасы ілінген.

Жіберіп алмаңыз:

Бетінде ісігі бар бойжеткен сұлулық саласында адам айтса нанғысыз табысқа жеткен (фото)

Ернін бірнеше рет үлкейткен британдық тағы ота жасатпақшы (фото)

Бразилиялық азамат әйгілі Кен қуыршығына ұқсау үшін 43 рет ота жасатқан (фото)

Талқылау