Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетім түсіп кетпеуі үшін": Айнұр Тұрсынбаева сұлулығының құпиясын бөлісті

Айнұр Тұрсынбаева сұлулығының құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айнұр Тұрсынбаева

Ақын желідегі парақшасына бетіне массаж жасатып жатқан бейнежазбасын жүктеп, әдеміліктің сырын айтты. Бет күтіміне ерекше мән берген жөн деп санайтын Айнұр Тұрсынбаева маман таңдағанда да сақ болу керек дейді. Бетіне үнемі массаж жасататынын жасырмады өнер иесі.

"Адам салмақ тастаған кезде, бірден білінеді. Бетім түсіп кетпеуі үшін массаж алып тұрамын. Білікті косметологқа барсаңыздар өкінбейсіздер", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Мұны көрген ақынның оқырмандары Тұрсынбаеваға сұрақтарын қойып, бет күтімі жайлы кеңестерін алып жатты.

Талқылау