Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бетім ісісе де сахнаға шықтым": KeshYou тобының экс-солисі мұрнына пластикалық ота жасатты

KeshYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш ота жасатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіліерде өнер иесінің мұрнына ота жасатқаны туралы ақпараттар тарап, тыңдармандар біраз шулаған еді. Бұл деректерді Балжан Бидаштың өзі растады. Топтан кетіп, жеке шығармашылығын қолға алған өнер иесінің айтуынша бұл отаның әдемілікке ешқандай қатысы жоқ. Балжан Бидаш денсаулығын жақсарту мақсатында осындай қадамға барған.

"Мұрнымның ішінде ет өсіп кеткен еді. Демалуға қиындық тудырғандықтан, соның бәрін түзедім. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Өйткені, іштей дайын болдым. Кәдімгідей ұйқтап, ояндым. Отадан кейін бір апта өткен соң, ән сапарға шығып кеттім. Өйткені, мен жұмыстан бас тарта алмаймын. Мұрным, бетім ісіп кетсе де, сахнаға шықтым", - дейді Балжан Бидаш.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр