Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беті күйген бойжеткен боялған түрін қысылмай көрсетіп жатыр

Кішкентай кезінде қайнап жатқан майға күйіп қалған бойжеткен кемшілігін жасырудың амалын тапқан секілді. Ол бет әрлеудің қыр-сырын үйреніп, енді боялған түрін көрсетіп жатыр.

grid-cell-10321-1456684387-11

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

20 жастағы визажист Шалом Нком Нигерияда дүниеге келген, ал қазір АҚШ Мэрилендте тұрады. Тоғыз жасында үстіне байқаусызда қайнап жатқан майды төгіп алады. Нәтижесінде беті, қолы, кеудесі және арқасы қатты күйіп қалады. Шалом күйіктен кейін өмірі өзі күткендей болмағанын айтады. Жасы үлкендер де, кішілер де оның бетіне тесірейіп қарап, кейде циркке келгендей тамашалайтын көрінеді. Осы сәтте Шалом қатты қиналып, жақындарын кеудесінен итеріп, жылаған күндері болған.

ZGRiM2I1MjhkZSMvRmhsZEJsS1pOMEFvanVQRVBFdXQ2VUxUMms0PS8zN3gwOjEyMDB4NTE3LzkwMHg0MDAvZmlsdGVyczpxdWFsaXR5KDcwKS9odHRwOi8vczMuYW1hem9uYXdzLmNvbS9wb2xpY3ltaWMtaW1hZ2VzL2Z4cG41d3Flb29jZ2l4cDNt

grid-cell-27814-1456674310-10

enhanced-14395-1456610804-11

enhanced-13225-1456612488-1

Уақыт өте келе бойжеткен боянуды үйреніп, сыныптастары оны мазақтағанды қояды. Оның бетті тамаша әрлейтіндігі соншалық, сыныптас қыздары көмек сұрайды екен. Енді Шаломның шеберлік сабақтарын youtube желісінен немесе инстаграмдағы парақшасынан көруге болады.

enhanced-2669-1456612572-1

enhanced-2850-1456612358-1

enhanced-13067-1456612451-9

image

Шалом Нком дәл қазір өте бақытты екенін айтады. Бір қызығы, бояу күйікті жасыратындықтан емес, өзін осы қалпында қабылдай білгені үшін бақытты. Оқыс оқиғадан кейін қыз бетінің көп бөлігі күйген болатын.

Бүгінгі таңда сұлулық сырымен YouTube желісінде жиі бөліседі. Арудың көпшілік дұрыс боянуды үйреніп қана қоймай, өздерін осы қалпында жақсы көре білсе екен деген тілегі бар.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Құралай Нұрқаділованың жас кезіндегі суреттерін көрсеткені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау