Беті күкірт қышқылына күйіп қалған Индия тұрғыны сән компаниясының таныстырушысына айналды

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 21:44

Viva N Diva брендінің жаңа таныстырушысы болып Үндістан тұрғыны, жас кезінде бетіне күкірт қышқылымен күйіп қалған әйел танылды. Компания әйелді жарнамалық роликке Лакшми есімімен түсірген.

Бейнежазбада ірі планда оның күйген беті көрсетіледі. Компанияның мәліметінше, жобаның мақсаты – осындай тосыннан зардап шеккендерді қолдау.

Лакшми күкірт қышқылына 15 жасында күйіп қалған. Мұны жасаған 32 жастағы ер кісі екен. Лакшмидің дәл қазір неше жаста екені белгісіз.

Бетін күйік шалған әйелдер Үнді елінде көптеп кездеседі. Мәселен, 2015 жылдың қарашасында болгариялық турист әйел Даря Прокина да дәл осындай жарақат алған болатын. Үнді БАҚ құралдары оқиғаны турист тоқтаған үйдің қожайынының туыстары жасағанын айтты. Шабуылдың себебі, Прокинаның оған күйеуге шығуға қарсылық білдіруі мүмкін.

pic_6c6e5f9a30609f8e9668858b0855cff7

Соңғы бес жылда Үндістан БАҚ-тарында осындай жағдайлар туралы 150 оқиға хабарланған. Көптеген зардап шегушілердің полицияға арыздануға қорқатыны себепті, шын мәнінде орын алған жәйттер бұдан бірнеше есе көп те болуы мүмкін.

Viva N Diva нарықта әйелдер киімін өндіретіндігімен белгілі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар